Денсаулыққа ең қауіпті жемістер

Бейсенбі, 28 Шілде , 2016 19:07

Ғалымдар жемістердің біз ойлағандай пайдалы еместігінен хабар берді. Кей мамандардың айтуынша, жемістер өлімге алып келеді.

more-fruktov

Табиғи медицинаның Оңтүстік-Батыс колледжінің (АҚШ) профессоры Уолтер Кринион жемістерді тек қауіпті ғана емес, улы деп біледі: «Алмада амигдалин бар. Ал персик құрамына цианид кездеседі. Шие, қара өрік, өрікте – цианогенді гликозид бар. Бұл заттектердің барлығы жүрек айнуы, қызу көтерілуі, бөртпелердің пайда болуы, бас ауруы, буындар мен бұлшықет аурулары, қан қысымының төмендеуі мен ұйқысыздыққа алып келеді».

Таңғаларлығы, басты қауіп фруктоза себепті. Табиғи қант. Оны қант ауруына шалдыққандарға қолдануға кеңес береді. Біз фруктозаны қанттың пайдалы баламасы ретінде білеміз. Олай болса, оның қауіптілігі неде?

Фруктоза – барлық жеміс-жидектерде дерлік кездесетін табиғи көмірсу. Ол, тіпті, болгар бұрышы, қызанақ сынды көкөністердің құрамында бар. Фруктозаның тәттілігі – глюкозадан екі есеге артық. Ағзаға инсулиннің көмегінсіз-ақ сіңеді. Алайда глюкозадан айырмашылығы, фруктозаны ағзамызда бауыр ғана ыдырата алады.

Назар салсаңыз, фруктоза инсулинсіз ыдырайды. Демек, оның салдарынан қандағы қант мөлшері өзгермейді. Тұжырымға сәйкес фруктозалы тәттілер мен жеміс-жидекті қалағанымызша жеуге болады. Алайда іс жүзінде бәрі – басқаша.

Шабдалы жеуді жөн тұтқан қыздың қанындағы қант мөлшері екі есеге ұлғайған. Қарбыздан кейін оның мөлшері бір жарым есе артқан. Құлпынай қант мөлшерін айтарлықтай өзгерте қоймаған. Десе де жеміс-жидектер себепті қант мөлшерінің өзгеретінін аңдадық. Ал бәрі де бауырдың ағзаға түскен фруктоза көлемін ыдыратуға қауқары жетпейтіні себепті. Сондықтан фруктозаның бір бөлігін глюказаға айналдырады. Ал ол өз кезегінде қанға түсіп, қант мөлшерін арттырады. Ол үшін  3 алма жеу не жарты литр шырын ішудің өзі жеткілікті.

Фруктозаның кеңес етілетін тәуліктік мөлшері 35-45 граммды құрайды. Мұндай фруктоза мөлшері 100 грамм бал мен құрма, 150 грамм мейіз, жарты килограмм жүзімде  бар.

Бұл жайлы көбіміздің білмейтініміз анық, бірақ жемістер арықтаудан бұрын, артық салмақ қосуыңызға себепші болады.

Фруктоза ағзаға үсті-үсітне түсе береді. Нәтижесінде бауыр мұндай салмаққа төтеп бере алмай, өзге де көмірсулар іспетті фруктозаны да жинақтайды. Бірақ артық май ретінде.

АҚШ-та Опра Уинфридің әйгілі шоуында біраз уақыттан бері фруктозаға қарсы насихат жүргізілуде. Дәрігер-тележүргізуші Мехмет Оздың сөзіне сәйкес «фрутоза шәрбаты триглицеридтер деңгейін арттырып, лептин гормондарының миға түсуіне кедергі жасайды. Демек фруктоза тойғандығымыз жөніндегі ми дабылын тежеп, нәтижесінде тоқтаусыз тамақ жейміз».

Бірақ біз тұтынатын барлық тағамда фруктоза бар екенін естен шығармаңыз. Газдалған сусындар, соустар, нанның да құрамында кездеседі. Қорапта, қағазқапшықта, құтыда сатылатын өнімдердің барлығының құрамында фруктоза бар. Калифорния университетінің тамақтану институтының (АҚШ) биохимигі Роберт Рюкердің пайымдауынша: «Фруктоза жасушаішілік зат алмасуға кері әсер етеді, өз кезегінде ол жылдам қартаюға сеп болады. Фруктоза берілген егеуқұйрықтардың тері коллагенінде жағымсыз өзгерістер орын алған. Ал ол уақытта қантпен қоректенген егеуқұйрықтарда мұндай өзгерістер байқалмаған. Бұл өзгерістер қартаю белгісі болып табылады».

Назарларыңызға ең улы 5 жеміс тізімін ұсынамыз:

1. Алма

Өндірушілер алма ағашына себетін дифениламин себепті алма тізімнің алдынан орын алды. Дифениламинді жемісті төмен температурада  ұзақ сақтау барысында қабығы қоңыраймау үшін себеді. Түрлі деректер бойынша алмалардың 80 пайызында аталған у бар. Сонымен қатар оны қағазқапшықтағы алма шырынынан да тапқан. Еуропалық одақ дифениламинді қолдануға 2012 жылдың өзінде-ақ тыйым салған.

2. Құлпынай

Бұл жидекті ұзақ сақтау үшін өндірушілер фумиганттар,  көбіне бромды метил, хлорпикрин және 1,3-дихлоропропенді пайдаланады. Бұл пестицидтер қатерлі ісік, гормондық бұзылыстар, балалар дамуының бұзылуына алып келеді.

3. Жүзім

Бір жүзім алқабының өзінен 15 пестицид табылған. Олардың ең қауіптісі фермерлер мен жақын маңда тұратын тұрғындардың жиі улануына сеп болатын у – хлорпирифосметил. Бұл пестицидтің әсері жөтел, демікпе, бас ауруы, жүрек айнуы, бас айналуына алып келеді. Зерттеу жұмыстары олардың ұзақ уақыт әсер етуі миға улы әрі көбіне балалар миының дамуына теріс әсер ететінін көрсеткен.

4. Шабдалы

Егер жабайы шабдалы ағашын көрсеңіз, түтікше тәрізді оралған жапырақтарына, қоңыр шірігіне назар аударғаныңыз жөн. Дәл осы себепті фермерлерге сүйекті жемістердің мол өнімін алу үшін пестицид пен фунгицидтердің көп мөлшерін қолдануға тура келеді. Тексеріс нәтижесі барлық шабдалының 96 пайызында пестицид қалдықтары барын көрсетті.

5. Шие мен қызыл шие

Өте улы жеміс. Нақтырақ айтсақ, оның сүйегі. Олардың құрамында күшті қышқыл бар (цианды сутек). Ол ағзаға түсу үшін біраз уақыт сүйегін сору не ауызда ұсатудың өзі жеткілікті. Жеңіл уланудың белгілері – бас ауруы, бас айналуы, мазасыздану мен құсу. Ал көп мөлшері комаға түсуге, сіңір тартылуына, дем тоқтау нәтижесіндегі өлімге алып келеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар