Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы күрес жариялап, екпе салу науқанын бастады

Астанада Денсаулық сақтау вице-министрі мен Бас санитар дәрігері екпе алуға елден бұрын келді. Шенділер жұқпалы вирусқа қарсы вакцинаны өздеріне ғана салдырмай, немерелерімен бірге қабылдады. Шенеуніктерге тегін салынған дәрілер Ресейден бюджеттің 1 миллард 200 миллион теңгесіне сатып алыныпты. Ал қарапайым жұртқа мамандар тұмауды жұқтырмас үшін лимонның суын ішіп, пияз бен сарымсақ жеуге кеңес беріп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы күрес жариялап, екпе салу науқанын бастады. Шенеуніктер бюджеттің 1 млрд 200 миллион теңгесіне бір жарым миллион адамға жететін ресейлік вакцина сатып алыпты. «Гриппол» деп аталатын препарат биылғы жылы өршуі мүмкін жұқпалы вирустың үш түріне қарсы тұра алады екен. Тұмаудың алдын алудың жалғыз жолы екпе салдыру деген вице министр мен Бас санитар дәрігер тілшілер алдында емханаға елден бұрып келіп, ең алғашқы вакцинаны бүгін өздері қабылдады.

Жандарбек Бекшин екпені тіпті жұрттың көзінше немересіне де салдыртты. Шенеунік Ресей шығарған вакцинаны қабылдаудан қауіптенетін ата-аналарға қорқудың еш қажеті жоқ екенін осылай дәлелдегісі келіпті. Яғни, жұқпалы вирусқа қарсы дәрі иммунитеті әлсіз балаларға міндетті түрде салынуы тиіс деп отыр. Ол үшін тек сәбидің дені сау, аллергиясы жоқ болса жетеді екен. Және бұл препарат мемлекет есебінен медициналық қызметкерлерге, аурушаң балалар мен аяғы ауыр келіншектерге ғана тегін салынады. Ақылы салдырам деушілерге бағасы 3 жарым теңгеден болмақ. Ал екпе салдырмағандарға шенділер түнде сарымсақ пен пияз жеп, күндіз лимон мен итмұрынның суын ішуге кеңес берді.

Шенділер тіпті вирусты жұқтырғандар қанша ақшаға шығынданатынын да есептеп қойыпты. Үйде жатып емделгендер шамамен дәріге 20 мың теңгесінен қағылса, асқынып ауруханаға түскен бір адамға бюджеттің 150 мың теңгесі жұмсалады екен. Сондықтан, тұмаумен ауырғандар өзгелерге жұқтырмас үшін үйде емделгені дұрыс дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, дәрігерлер биылғы тұмау еліміздің оңтүстік аймақтарында желтоқсан айынан, ал солтүстікке қаңтардың ортасынан өршиді деп дабыл қағып отыр. Ал, халықтың 20 пайызы осы жұқпалы вирусқа иммунитеті жоқ екен. Сондықтан елдегі емханалар 2 қазаннан бастап екпе салу науқанын бастамақ.

Жіберіп алмаңыз:

Француз хирургтары 15 жыл бойы миы “өлі” күйде жатқан ер адамды оятты

Комада жатқан науқас аппаратын өшіретін кезде оянып кеткен

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Талқылау