Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі қаржыны үнемдеу үшін ота жасатқан науқастарға арзан дәрі сатып алған

Денсаулық сақтау министрлігі қаржыны үнемдеу үшін бүйрек, бауыр, жүрегін ауыстыруды күтіп отырған науқастарға арзан дәрі сатып алған. Жаңа жылдан бастап ота жасатқандар препараттың түпнұсқасын емес, көшірмесін іше бастайды. Алайда трансплантация жасатқандар мұндай дәріні ішу онсыз да әлсіз адамдарға қауіпті деп дабыл қағуда. Министрліктің қаржыны науқастардың препаратынан үнемдеуіне не түрткі? «СК Фармация» басшыларының уәжі қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі қаржыны үнемдеу үшін ота жасатқан науқастарға арзан дәрі сатып алған

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Президент  фармация саласын «Мафия» деп атағаннан кейін, алпауыт «СК Фармация» компаниясында біраз тұтқындаулар болып, бірқатар басшылар қазір тергеліп жатыр. Мемлекеттен берілетін тегін дәрілерді жеткізуге жауапты мекеме препараттарды сатып алу ережелерін де өзгертіпті. Қаржыны да оңды солды шашпауға көшкен компания үнемдеуді бүйрек, бауыр, жүрегін ауыстыруды күтіп отырған науқастар ішетін препараттардан бастапты. Енді ота жасатқандар бұрынғыдай дәрінің түпнұсқасын емес, арзанға алынған көшірмесін ішеді. Бүйрегін ауыстырғанына 10 жыл өткен Ержан Мұхамадиев бұл препараттарды қабылдау қауіпті дейді.

«Ертең мына дәріде отырған адамдарда побочный эффект болса, туыстары көп пе қайта қайта бере беретін. Олардың да құқығы бар», – дейді «Сенім» науқастар қоғамының жетекшісі Ержан Мұхамадиев.

«Сенім» науқастар қоғамы жетекшісінің алаңдайтын жөні бар. Өйткені, трансплантация жасатқандар бұл дәрісіз бір күнде өмір сүре алмайды. Ағза бөтеннің бүйрегін немесе жүрегін қабылдауы үшін науқас осы дәріні күніне екі уақыт қабылдайды екен. Алайда, министрлік өкілдері түпнұсқа мен дженериктің арасында ешқандай айырмашылық жоқ, дәрі толық тексеруден өтті дегеннен танбай отыр. Есесіне, бағасы екі есе арзан болғандықтан шенеуніктер 250 млн теңге үнемдепті.

«Сараптама орталығы тексеруден өткізді. Соған сәйкес, сатып алынған препараттың сапасы төмен немесе күші жоқ деп айтуға негіз жоқ. Өйткені бұл дәрі барлық талаптар мен стандарттаға сәйкес. Түпнұсқамен бірдей», – дейді дәрілік заттарды сараптау орталығы бас директорының орынбасары Арнұр Нұртаев.

Айтпақшы, «СК Фармация»  енді елімізде дәрі-дәрмектен тапшылық болмайды деп сендіріп отыр. Мекеме үш айға жететін препаратты енді бір компаниядан ғана алып отырмақ. Ал басшыларының қолына кісен салынғаннан кейінгі шешім бойынша тендер тек онлайн түрде жүргізіледі.

 

Талқылау