Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі тікелей эфирдегі дебатқа дайын екенін айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесіне арналған дебаттың міндетті түрде тікелей эфирде өтетінін айтты.

792745

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық сақтандыру жүйесін сынап жүрген белгілі сарапшы Рақым Ошақбаевқа бұл мәселені ашық пікірталас алаңында телеарналардың бірінде тікелей эфирде талқылауды ұсынған болатын. Қазіргі уақытта тараптар дебатты қай арнада, қашан және қай форматта өткізу жағын қарастырып жатыр.

“Бұл дебатты көп адамның көруін қалаймын. Менің ойымша, мәселе өте маңызды. Медициналық сақтандыруды неге кейінге қалдыруға болмайды деген біздің позициямызды барынша көп адамның естігені жөн. Қай арнада көрсету жағын талқылап жатырмыз, ұсыныстар бар”, — деді бүгін БАҚ өкілдеріне министр.

Оның айтуынша, ең бастысы, тікелей эфир болуы тиіс.

“Ең бастысы, тікелей эфир болуы керек. Бұл менің ұсынысым. Кейін кей жерлерін кесіп тастады деген күдік болмауы үшін тікелей эфир болуы тиіс. Мен 21 шілдені ұсындым. Келесі апта нақты болады деген ойдамын”, — деді ол.

Бұдан бөлек, министр маңызды мәселе талқыланатын бұл пікірталасты әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетуді ұсынды.

Оқи отырыңыз:

Донор құтқарды: Астаналық азаматқа жүрек ауыстыру операциясы жасалды

Шымкенттік оқушы қыз рак клеткаларын жойып жіберетін дәрі жасап шықты

Қызылорда тұрғыны ұлу өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Дәрігер: Ауру жұқтырғанда адамның бауыры жанып кетеді

Талқылау