Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі «Sanofi» компаниясына қатысты дауға пікір білдірді

Бұған дейін  Францияның фармацевтикалық «Sanofi» компаниясы Қазақстанда өз өнімін көбірек өткізу үшін пара берді деген ақпарат тараған еді. Бұған қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Sanofi» компаниясы Қазақстанда өз өнімін көбірек өткізу үшін пара берді деген ақпарат АҚШ-тың құнды қағаздар және биржалар бойынша Комиссиясы сайтында жарияланған еді.

“Бұл жайлы ақпаратты оқыдым. Бұған қатысты ішкі тергеу жұмыстарын жүргізу керек. Халықаралық тәжірибеде солай. Ақпаратта компанияға қатысты өндіріс басталғаны жазылған. Ал, бізде Sanofi тарапынан лауазымды тұлғаларды сатып алу жағдайы тіркелген жоқ. Былтырдан бері лауазымды тұлғаларға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, іс әлі тергеліп жатыр. Біз олардың ісі дәл осы компаниямен қатысы бар немесе жоқ деп айта алмаймыз”, – деді Біртанов.

Министр мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік дәрілердің бағасын реттеуге қатысты жаңа заң жобасы қарастырылғанын атап өтті. Ол бойынша дәрілер этикалық жолмен таратылады. Ал, заң бойынша өз өнімін өткізуде ешкім этикалық талаптардан тыс әрекет жасамайды. Құқық бұзушылыққа барған жағдайда, дәрігерлер де, фармацевтикалық өкілдерде жауапкершілікке тартылатыны айтылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау