Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі: Қазақстанда вакцинациядан бас тартатындар саны артты

 Министр  дүние жүзінде  вакцинауиялау  жұқпалы аурумен  күресудің, алдын алудың ең тиімді жолы деп көрсетілген айта өтті. Қазақстандағы  вакцинациялау жүйесінің жұмысы  дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай орындалатынын ескертті.  Жұқпалы аурудың 21 түріне қарсы тұратын екпені жылына 8 миллион халық жасататынын да тілге тиек етті.

chimico-big_1436541927

«Соңғы жылдары вакцинациялаудан бас тартатындар қатары көбейіп кетті. Бұл дегеніңіз елдегі жұқпалы дерттердің күшейіп, көбейюіне жол ашады. Осы себепті ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде  екпені тиімді пайдалануды насихаттап, тұтынушылар санын арттыру үшін Жол картасы  жобасы жасалынды»,-дейді министр  Тамара Дүйсенова.

Бүгін Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова оқушылардың негізгі ауруларын да атады.

«Профилактиканың тағы бір маңызды бағыты – ол мектеп оқушыларын сауықтыру. Атап айтқанда, оқушыларды профилактикалық тексеру кезінде алғаш рет анықталған аурулардың құрылымында бірінші орында ішек-қарын жолы аурулары тұр, яғни бүгінде оның деңгейі 25 пайыздан асып отыр. Екінші орында көз аурулары – 16,2 пайыз, ал үшін орында тыныс алу және өт, бауыр аурулары байқалуда», – деді министр.

Сонымен қатар ол «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қарастырылып отырғандығын жеткізді. Оқушыларға арналған сауықтыру шараларының күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Онда жыл бойында балаларды сауықтыру шараларымен қамту қарастырылған.

Атап айтқанда, онда балаларды профилактикалық тексеру шараларын мамандардың шығу бригадаларын шақыру арқылы білім беру ордаларында өткізуді, оқу мерзімі мен демалыс кезінде сауықтыру шараларын ұйымдастыруды, балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына тиісті шараларды қамту, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық шаралар, сондай-ақ басқа да денсаулық сақтау технологияларын енгізу қарастырылған.

 

Талқылау