Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық министрі тез қартаю ауруына шалдыққан 4 жасар балаға көмектесуге уәде берді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова терінің тез қартаюы ауруына шалдыққан Ернар Әлібеков есімді төрт жасар баланың анасы Зибенса Төлепбергеновамен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

photo_33706

“Балаңыздың денсаулығы министрліктің үнемі бақылауында болады. Мемлекет ең алдымен, балалардың денсаулығына зор көңіл бөледі. Қажетті медициналық көмектің бәрін жасаймыз”, – деді Тамара Дүйсенова..

Министр мен анасы баланың сырқат ерекшеліктерін, тексеру нәтижелерін, және оны әрі қарай емдеу жолдарын қарастырды.

Денсаулық министрі баланың анасына Ұлттық балаларды оңалту орталығында оңалту шараларын қабылдауды ұсынды.

Министр науқас ұлдың анасы Зибенса Төлепбергеноваға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынып қана қоймай, Астана қаласының әкіміне тұрғын үй беру туралы өтініш хатын жолдады.

23 қаңтардан бастап қартайып бара жатқан Ернар Әлібековті емдеу шаралары жасалады.

Жіберіп алмаңыз:

Онсыз да сабағы көп оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Алматыда іс-түзсіз жоғалған 6 жасар қыздың анасы іздестіріліп жатыр

Талқылау