Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Екпе салынбаған балаларды мектеп пен балабақшаға қабылдамау туралы тыйым жоқ

Мемлекеттік балабақшалар мен мектептер екпе салынбаған балаларды қабылдаудан бас тарта алмайды. Бұл туралы Денсаулық министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

2586102

Көпшілік екпе салынбаған балаларды мектепке де, балабақшаға да қабылдамайтындарын айтып министрге шағымын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

«Балаларға тегін білім беру заңды болғандықтан, біз нормативтік құқықты бұзып екпе салынбаған балаларды қабылдаудан бас тарта алмаймыз», – дейді Елжан Біртанов.

Денсаулық министрлігі барлық балаға екпе жасатуды ұсынады.

«Ата-ана балалары үшін жауап береді. Сондықтан балалары үшін өздері шешім қабылдайды. Егер олар балаларына екпе салдырмайтын болса, біз оларды мемлекеттік орындарға қабылдамай қоймаймыз», – дейді министр.

«Жекеменшік орындар балаларды қабылдамай жатса, олар өз шешімі. Негізінде бала тегін білім алуға міндетті», – дейді Біртанов.

Денсаулық министрлігінің басшысы екпеден бас тартқан әрбір жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Екпеден бас тарту баланың өз денсаулығына ғана емес, қоршаған ортаға да зиянын тигізеді.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстау облысында жалғызбасты ана төрт баласымен бірге мешіттен тамақтануға мәжбүр

Нұрсұлтан Назарбаев бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайын ашты

Маңғыстау облысында жалғызбасты ана төрт баласымен бірге мешіттен тамақтануға мәжбүр

Талқылау