Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Pfizer вакцинасын жеткізу неге тоқтап қалғанын түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізге екі миллион доза мөлшерінде Pfizer вакцинасын жеткізілуінің бөгеліп қалуының себебін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пфайзерБұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық вакцинаның жеткізілуін тоқтатқаны үшін кінәлілерді жазалауды бұйырған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вакцинаны жеткізу келісімі құпия екенін айтты.

"Вакцинаның кешігуіне әсер ететін әртүрлі жағдайлар бойынша келіссөздер жүргізілуде. Біз процесті жылдамдатуға және вакцинаны уақытында жеткізуге тырысамыз", – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Алексей Цой, сонымен қатар Қазақстанда Pfizer вакцинасы бірінші кезекте 12 жастан асқан балаларға екпе салу үшін қолданылатынын баса айтты. 
Бұл жағдайда ата-аналардың таңдау құқығымен балаларға вакцинация ерікті түрде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақстандық нарыққа Pfizer вакцинасын жеткізуді бұзатын адамдарға шара қолдануды тапсырды. 

Pfizer – американдық Pfizer және қытайлық Fosun Pharma компаниясымен бірге неміс биотехнология компаниясы BioNTech жасаған COVID-19-ға қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина.

Біз бұған дейін Pfizer вакцинасының Қазақстанға жеткізілетінін жазған болатынбыз

Талқылау