Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір-бірімізге жанашыр болайық": Нұр-Сұлтандық дін қызметкерлері халықты екпе салдыруға шақырды

Нұр-Сұлтанда дін өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

дін өкілдері

Дүниежүзіне қауіп төндіріп тұрған коронавирус індетін тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцина алу. Себебі КВИ-мен ауыратындар иммунитет қалыптастыра алмайды. Ал карантинге дейінгі өмірге оралу үшін тиісті шектеу шараларын сақтау қажет.

Елорда дін өкілдері бүгінде індетті жеңудің ең сенімді жолы — вакцинация екеніне сенімді. Олар жұртты жауапкершілік танытып, коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.

Айта кету керек, вакцинаның құрамына сол ауруды тудыратын белсенді емес микроорганизмдер енгізіледі. Осының нәтижесінде иммунды жүйе бұрын-соңды болмаған қауіпті сезіп, ағзаға антидене бөледі.

дін өкілдері

"Әркім өз денсаулығының сақшысы екенін ұмытпауы тиіс. Асылында, денсаулық – аманат екені әуелден белгілі. Бір-бірімізге жанашыр болайық", – деді екпе алған Нұр-Сұлтан қаласы "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков.

Елордада COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандардың қатарында Исламтанушы Әбдірахман Қойбағар, сол сияқты шіркеулік Епархия қызметкері Андрей Озимин, Нұр-Сұлтан қаласы Константин-Еленин ғибадатханасының клиригі Максим Маджитов болды.

Айта кетейік, адамзат өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отырған COVID-19 індетін жеңудің ең тиімді жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Ұжымдық иммунитет дамыған жағдайда коронавирусқа дейінгі қалыпты өмірге орала аламыз. Ал ұжымдық иммунитет даму үшін елорда тұрғындарының 60%-ы екпе алуы қажет.

 

Талқылау