Денистің табытының алдына медальдар қойылды: Ел халқы сүйікті ұлымен қалай қоштасты

Алматылықтар Олимпиаданың қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. “Балуан Шолақ” атындағы спорт сарайының алдына таңғы сағат 9-дан бастап 10 мыңға жуық адам жиналды. Олар спортшының ата-анасына қайғыра көңіл айтып, Денис Тенмен қоштасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Денистің табытының алдына медальдар қойылды: Ел халқы сүйікті ұлымен қалай қоштасты (фото, видео)

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Денистің алдағы уақытта да көптеген жастарға үлгі болатынын атап өтті.

“Денис өз баламнан да жас, немереммен жасты. Әрине, мен толқып тұрмын. Қазақтың кім екенін дүние жүзіне танытты, Сочиде өткен қысқы Олимпиада кезінде, медаль алған сәтінде бірге болдым. Енді амал жоқ, барлықтарыңыз жақсы көресіздер, тіпті залға сыймай тұрсыздар. Соншалықты жақсы көргендіктен, біреу пышақ сұғып алғандай сезімде тұрмыз. Бәріміз де қайғырып көңіл айтамыз. Осындай азаматтан айырылдық, бірақ амал не? Бәріміз де қиналамыз, жылаймыз, жүрегімізде тұр. Оның аты өшпейді. Әлі талай бала “Мен Денис сияқты боламын” дейді. Артында қалған ұрпағы жоқ, енді қалған жастар аман болсын, еліміз аман болсын. Денистің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын”, – дейді Жақсылық Үшкемпіров.

Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев болса Дениспен таныстығын еске алды.

“Ең алғаш “Денис және оның достары” атты шоуына қатысқаным есімде. Ол осы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен еді, мен сол шарада жүргізушілердің бірі болдым. Танысқан сәтте-ақ Денистің сондай таза, кіршіксіз, адал, мейірімді, интелигентті азамат екенін байқадым. Сол уақыттан бері екеуміз дос болдық. Малайзияға, Головкиннің жекпе-жегіне бірге бардық. Бүгін барлығымыз да Денисті соңғы сапарға лайықты түрде шығарып салайық, жатқан жері жайлы болсын”, – дейді Серік Сәпиев.

Денистің табытының алдына медальдар қойылды: Ел халқы сүйікті ұлымен қалай қоштасты (фото, видео)

Чемпионның жаназасына жиналған адамдардың көптігі сонша, 1,5 сағатқа жоспарланған қоштасу шарасы 2 сағаттан аса уақытқа созылды. Оның өзі, спорт сарайына сыймай қалған халық батыр баланы далада күтті. Денисті еске алып, қайғырған халық ішінде талмасы ұстап, құлап қалғандар да болды. Спорт сарайының алдын күзеткен бірнеше жедел жәрдем көлігі науқастарға көмек көрсетті.

Жаназада мәдениет және спорт министірі сөз сөйлеп, Денис Теннің жетістіктерімен бөлісіп, онсызда қайғыдан қан жұтқан халықтың жүрегін елжіретті.

“Құрметті қауым! Қадірлі Юрий Александрович, Оксана Алексеевна! Бүгін Қазақтанмен бірге күллі әлем қайғырып отыр. Біз тек ата-анасының сүйікті ұлынан ғана емес, жақындары мен достарына ерекше көңіл бөлген досымыздан айырылып отырмыз. Біздің ортамызда қазір Денистің жақын достары отыр. Олардың қатарында Денис Теннің жаназасына Лос-Анджелестен ұшып келген беделді спортшы Геннадий Головкин де бар. Осында келгені үшін оған рахмет айтамыз. Денис — керемет спортшы. Өзінің 25 жасында тек спортта ғана жетістіктерге жетіп қойған жоқ. Біз оның “Денис Тен және оның достары” деп аталатын шоуын білеміз. Қазір олардың барлығы мәнерлеп сырғанаудан әлемдік жұлдыздар. Біз оның Куала-Лумпурда Халықаралық Олимпиадалық комитеттің алдында сөйлеген керемет сөзін білеміз. Әрине, осындай қызықты ойларды тастайтын, үлкен жоспарлары бар азаматымыздан айырылып қалғанымыз жанымызға батады”, — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, қоштасу шарасына қатысқандар аза тұту белгісін қолдарына таңып алды.

Көзіне жас алған жұрт Денистің соңғы шыққан She won’t be mine әнінің сүйемелдеуімен, батыр балаға қошемет көрсетумен шығарып салды.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар