Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Уланов олимпиада ойындарының жүлдесіне бір қадам жетпей тоқтады

85 келіде сынға түскен қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов олимпиада ойындарында төртінші орын алды.

1465285292_l

Ол жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырса, серпе көтерудегі оның үздік көрсеткіші 215 келі болды. Жалпы есепте еншісіне 390 келіні жазған Уланов төртінші орынға тұрақтады. Қола жүлдеге румын атлеті Габриэль Синкраян қол жеткізді. Оның да көрсеткіші қазақстандықпен бірдей, алайда жеке өзінің салмағы Денистен де жеңіл болып шыққандықтан, үшінші орынға көтерілді.

Бұл салмақта чемпиондық атан ирандық Киануш Ростамиге (396 келі) бұйырды. Ол әлем және олимпиада рекордын орнатты. Ал екінші орынды қытайлық Тян Тао (395 келі) алды.

Енді қазақстандықтар атынан ауыр атлетика бағдарламасында 105 келі салмақта Александр Зайчиков сынға түседі. Бұл бәсекені 16 тамыз күні “Қазақстан” ұлттық арнасынан тамашалауға болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін 77 келіде Нижат Рахимов алтын жүлде алса, Жазира Жаппарқұл 69 келі салмақта күміс иеленген. Ал 62 келіде сынға түскен Фархад Харки мен 63 келідегі Карина Горичева қола еншілеген еді. Маргарита Елисеева (48 келі) мен Арли Чонтей (56 келі) бесінші орынға тұрақтаған.

Талқылау