Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Уланов не себепті жеңіліп қалғанын айтып берді

Қазақстандық зілтемірші Денис Уланов Олимпиададағы жеңілісі жөнінде пікір білдірді.

20160813074722

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

“Негізінде, өзімді жақсы сезіндім. Тек аздап асығыстық жасадым. Өзімді жинақтауым керек еді. Үшінші мүмкіндікте ғана өзімді жинақтадым. Бірақ, ол кезде бәрі кеш еді. 215 келіні көтергенде медаль менікі деп ойлап едім. Төртінші орында қалғаныма ренжулімін. Не үшінші орын емес, не медаль жоқ. Екі ортада қалдым. Дайындық кезінде сол салмақты көтеріп жүргем. Бұл жолы асығып кеттім”, – дейді көңілі қалған спортшы.

85 келіде сынға түскен қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов олимпиада ойындарында төртінші орын алған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Рио-2016: Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы бұрынғы қазақстандық боксшы болмақ

Жазира Жаппарқұл: Алтын алмай, тұрмыс құрмаймын

Германия Қазақстанды Олимпиада ойындарынан шеттетуді ұсынды

Талқылау