Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің туыстары қазақстандықтардан көмек сұрады

Белгілі спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жақындары Қазақстан халқынан көмек сұрады. Олар қайғылы оқиға орын алған күні сол жерде болған куәгерлерді іздейді. Денистің жақындары бұл істе кішкентай мәліметтің өзі маңызды екенін айтады, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Денис Тен

Денис Теннің туыстары шілде айының 19-ы күні Құрманғазы және Байсейітова көшелерінде болған адамдарды іздейді.

“2018 жылы 19 шілдеде сағат 14:50 кезінде Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында көліктері тұрған азаматтар хабар берулеріңізді сұраймыз.

Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерге қатысты толық ақпарат жинауға көмектесіңіздерші. Бұл резонанстық істе әрбір деталь маңызды. Бірнәрсе байқап қалған әрбір адамның пікірі маңызды. Бұл жерде маңызды емес деген дүние жоқ! Әрбір деталь маңызды.

Автотіркеуіштегі жазбаларыңызды қайта қарап шығуды өтініп сұраймыз.

2018 жылы 19 шілдеде көлігіңіздің қайда тұрғанын еске түсіріңіздерші. Өтініп сұраймыз. Кез келген сенімді ақпарат үшін алғыс айтамыз! Ешкімнің есімі жария етілмейтініне уәде береміз! Тәуліктің кез келген уақытында +7 701 808 80 00 нөміріне хабарласуларыңызға болады”, – делінген желідегі Денистің ресми парақшасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау