Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің туысқандары қылмыстық істің куәгерін іздеп жүр

Денис Теннің жақындары мен туысқандары әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында, қылмыстық істің куәгеріне мұқтаж екендерін жазды.

“Шұғыл! Денис Тенге шабуыл жасаған жерге жақын орналасқан  спорт алыңында жаттыққан куәгер жігітен бізге хабарласуын сұраймыз.  Жігіттің бет-әлпеті еуропалық, шашы қысқа. Күдіктілерді тану үшін куәгердің көмегі керек. Өтінем, көмектесіңізші, “— дейді жақындары хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылсында спортшы Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген, ол екі сағаттан соң қайтыс болды.

Талқылау