Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Денис Теннің өміріне қастандық жасаған күдікті: Оның қаны менің арымда болғанын қаламаймын

Алматыда Денис Теннің ісіне қатысты кезекті сот ісі басталды. Сотта күдікті Арман Құдайбергенов марқұм спортшының анасынан, күллі қазақстандықтардан кешірім сұрап, Тенді өлтіру ойында болмағанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Денис Тен

“Мен ойландым, оның қаны менің арымда болғанын қаламайтынын түсіндім. Оны өлтіру ойымда болған жоқ. Басты мақсатым — ақша табу еді. Мен өлтірген жоқпын, мені полициядағылар “мойында” деп қорқытты.  Мен өлтірген жоқпын. Өлтіруге болатындай қолымда ешнәрсе болған жоқ”, — дейді Құдайбергенов.

Ер адам кісі өлтіргеніне қатысты тағылған айыппен келіспейді. Өйткені ойында тек ұрлық жасау ғана болған.

“Мен төбелесетінімізді немесе оны пышақтайтынымызды көз алдыма елестеткен жоқпын. Ұрлық жасағаныммен келісемін, бірақ кісі өлтіргенімді мойындамаймын”, — дейді Құдайбергенов.

Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергеновтың тағы бірнеше қылмыс жасағаны белгілі болды

Күдікті қайтыс болған спортшының анасы Оксана Теннен, бүкіл қазақстандықтардан кешірім сұрады.

“Мен өкінемін және Денис Теннің анасынан, барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мені ұстағанда кісі өлтіргенімді мойындаудан басқа амалым болған жоқ. Алайда, сосын істемеген ісімді не үшін мойындау керекпін деп ойладым. Келесі күні түсініктемелерімді өзгерттім. Қылмыс орнында айналарды тастап, қашудан басқа жол көрмедім”, — деді күдікті.

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр