Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің өмірін қалай құтқаруға болар еді

Қан тоқтату үшін дер кезінде бұрау (жгут) салу қазақстандық спортшының өмірін аман алып қалу мүмкіндігін арттырар еді. Спортшының өліміне қатысты түсініктеме берген денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева осылай дейді.

Денис Тен

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ақтаеваның сөзінше, оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы жерден ұзындығы бір, ені жарты метр болатын қанды көріп, спортшының 3 литр қан жоғалтқанын көзбен есептеген.

«Сан артериясындағы ірі тамыр зақымдалған кезде, жарақат алған сәтттен бастап 2-3 миунт ішінде көп қан кетіп қалады. Бұл үлкен қан тамыры. Сондықтан ол көп мөлшерде қан жоғалтқан», – дейді Ақтаева.

Өз сөзінде вице-министр Денис Теннің өмір сүруге мүмкіндік бермейтін жарақат алғанын айтты.

«Бірінші кезекте, қанды тоқтату қажеттілігі туралы мәселе тұрды. Егер ол жарақаттанған кезде қан тоқтататын бұрау неғұрлым ерте салынса, қанды аз жоғалтатын еді. Сәйкесінше құтқарып қалу мүмкіндігі де артар еді», – дейді вице-министр.

Сондай-ақ, Ақтаева спортшының неліктен жақын жердегі ауруханаға жеткізілмегенін түсіндірді.

«Алматы денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, шұғыл хирургиялық бөлім Орталық қалалық клиникалық ауруханасында орналасқан. Сол себепті, Орталық клиникалық ауруханада(Совминовская) шұғыл хирургиялық бөлім болмағандықтан, науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Бұл – уақыт факторы. Қабылдау бөлімі аптасына 7 күн 24 сағат істейтін стационарға жеткізу керек болатын», – дейді Ләззат Ақтаева.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау