Денис Теннің өлімі: Екінші күдіктіні сырттай қамауға алды

Денис Теннің қазасы үшін іздестіріліп жатқан екінші күдікті сырттай қамауға алынды.

Сурет желіден алынды

Күдікті Арман Құдайбергеновтің өзі қолға түскен жоқ.

Қалалық соттың баспасөз мәліметінше, Алмалы аудандық сотына Денис Теннің өліміне қатысты 2018 жылы 20 шілде күні күдікті Құдайбергенов Арман Бөрібайұлын сырттай қамауға алу туралы өтініш түсті.

Полиция қызметкерлері Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні, яғни 1994 жылы 23 желтоқсанда туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновді іздестіріп жатыр.

Бойының ұзындығы 165-170 сантиметр болатын күдікті арық денелі келген. Қылмыс жасаған күні ол қара түсті футболка мен сұр джинсы және қара аяқ киімде болған. Сондай-ақ, ол күннен қорғайтын көзілдірік киген.

Естеріңізде болса, қазақстандық спортшының өліміне кінәлі күдіктілердің бірі бүгін қолға түсті. Ол 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы Қиясов Нұралы. Денис Тенге шабуыл жасаған қылмыскер өзінің жасаған қылмысын толық мойындады.

Қазіргі уақытта полиция екінші қылмыскерді ұстау үшін іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар