Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің өліміне күдіктелген азамат бұған дейін үш рет істі болған

Денис Теннің өліміне қатысты күдікті жайлы бірнеше ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұған дейін ІІМ бір күдіктінің ұсталғанын айтқан болатын. 1994 жылғы Нұрлан Қиясов Мерке тумасы. 2017 жылы үш рет істі болған. Қаңтар айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды. Айыпталушы ол кезде сот отырысына келмеген.

Наурыз айында ұрлық ісі бойынша айыпталды. Айыпталушыға екі зат бойынша айып тағылды. Ол аккумулятор мен көліктегі музыкалық аппараттарды ұрлады деп айыпталды.

Д. Н. Қиясов ешкімнің көрмей тұрғанын пайдаланып, көліктің терезесін шағып, 8 мың теңгенің аккумуляторын алып, 14 мың теңгелік DVD-плеер мен 2 мың теңге тұратын магнитофонын ұрлап кеткен. Кейіннен жақтастарымен оқиға орнынан қашып кеткен.

Сот отырысында жәбірленуші жақпен келісіп, кешірім берген соң әкімшілік жазамен құтылды.

16 қазан күні Меркі аудандық сотында микроқаржы ұйымынан несие алып, 144 мың теңгеден астам борышкер болған. Бұған қатысты сот азаматтық іс қозғап, 2018 жылдың 8 қаңтарында іс мұрағатқа жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау