Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің өліміне күдікті әйел жүкті болып шықты

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотта үш күдікті Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов, Жанар Толыбаева айыпталуда.

Денис Теннің өліміне күдікті әйел жүкті болып шықты

Сотқа 40 шақты журналист келді. Отырыс қазақ тілінде өтуде. Құдайбергенов 11 сынып бітірген. Бұрын сотталған, Байқоңырдың тумасы, деп жазады  Zakon.kz

Қиясов колледжді тәмамдаған, үйленбеген, бұрын сотталған. Толыбаева 1995 жылы туған. Өзбекстан тумасы, қазір Қазақстан азаматшасы. Тұрмыста болған, 4 жаста баласы бар. Бұрын сотталмаған. Қазір жүктілігінің жетінші айында екенін айтты.

Сотта Денистің анасы қатысып отыр.

 

Спортшыны 19 шілдеде өлтіріп кеткен болатын. Адам өлімі үшін екі күдікті айыпталып жатыр. Үшінші күдікті Толыбаева қылмысты хабарламаған деп айыпталуда. Ол қылмыстан соң да органга хабарламаған.

 

Денис Тенде жерлеу рәсіміне мыңдаған қазақстандық келді. 25 қыркүйекте ІІМ Қасымов Теннің өліміне қатысты істің аяқталғанын айтты. Одан бері күдіктілерді қамауға алу мерзімі бірнеше рет ұзарды.

Айта кетсек, бүгін Денис Теннің өліміне қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау