Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Денис Теннің өлімі үшін сотталған күдікті қыз түрмеде босанды

Денис Теннің өлімі үшін сотталған күдікті Жанар Толыбаева түрмеде босанды, деп жазады Қазақпарат.

Алматы қалалық сотының сот алқасы Денис Тен өлімі үшін сотталғандардан түскен аппеляциялық шағымды қарауды бастады.

Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов кінәлі деп танылып, 18 жылға сотталды. Үшінші күдікті Жанар Толыбаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімінен кейін екі аптадан соң сотталғандар үкімге апелляциялқ шағым түсірді. 

Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сариев соттан іс материалыны анықтаманы қосуды сұрады. 2019 жылдың 6 наурызында Жанар Толыбаев түрмеде босанғаны белгілі болды. Оның екінші баласы, ұл бала өмірге келді. Сәбидің денсаулығында кінәрат бары анықталды.

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қапыда көз жұмған еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр