Денис Теннің өлімі: Назарбаев Бас прокурор мен ІІМ басшысына тапсырма берді

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа Денис Теннің өліміне қатысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар