Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Толыбаеваның жазасы жеңілдетілді

Апелляциялық кеңесте Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаеваның шағымдары қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жанар ТолыбаеваФото: Total.kz

Олар сот үкімін жеңілдетуді сұрады. Құдайбергенов пен Киясов қылмыстық істе кінәлі деп танылды. Сот оларды 18 жылға бас бостандығынан айырған еді. Толыбаева төрт жылға сотталды.

"Құдайбергенов пен Қиясовқа қатысты бірінші сатыдағы сот шешімі өзгерусіз қалады. Толыбаеваға қатысты шешімді өзгертіледі. Толыбаева орташа тәртіптегі мекемеде жазасын өтеуге жіберіледі", - деп сот шешімін оқыды судья Сейітов.

Денис Теннің өлімі үшін сотталған күдікті қыз түрмеде босанды

Загрузка...
Қазір оқып жатыр