Денис Теннің қазасы: Астана мен Алматыда мерекелік іс-шаралар тоқтатылады

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына байланысты Астана мен Алматы қалаларында мерекелік іс-шаралары тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Денис Теннің қазасы: Астана мен Алматыда мерекелік іс-шаралар тоқтатылады

Қазақ елі жай ғана спортшысынан емес, барша халыққа үлгі болған асыл ерінен айырылды. Қыршыннан қиылған танымал спортшының қазасы әр азаматтың қабырғасын қайыстырды. Денис Теннің қазасына байланысты елде қаралы күн жарияланып, алдағы 2-3 күнге жоспарланған ойын-сауық іс-шаралары тоқтатылды. Алматы және Астана қалаларындағы бірнеше сауда-ойын-сауық орталықтарының әкімшілігі танымал спортшының қазасына байланысты жұма, сенбі және жексенбі күндері өтуі тиіс іс-шаралардың болмайтынын хабарлады.

«Құрметті қонақтар (20, 21, 22 шілде) жұма, сенбі және жексенбі күндері «MEGA» сауда-ойын-сауық орталығының бүкіл желісінде жоспарланған барлық ойын-сауық іс-шаралары тоқтатылады»,-делінген компания әкімшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасындағы хабарланалдыруда.

Қайғылы жағдайда көз жұмған Денис Теннің ажал құшуына байланысты Esentai Mall әкімшілігі де жоспарланған мерекелік іс-шаралардың тоқтатылғанын хабарлады.

«Денис Теннің туыстары мен достарына, сондай-ақ оның өнерін сүйетін әлемдік жанкүйерлеріне шын көңілден көңіл айтамыз. Біз бәріміз бірге қайғырудамыз. Ел басына төнген қайғылы жағдайға байланысты Esentai Mall әкімшілігі 21-шілдеде Esentai Music Festival аясында өтілуі тиіс концертті тоқтатады », – деп жазды Esentai Mall әкімшілігі Facebook-тағы ресми хабарландыруында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар