Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің анасы ұлының өліміне қатысты: Кінәлілердің барлығы анықталған жоқ

Денис Теннің өліміне кінәлілердің барлығы анықталған жоқ. Оңтүстік шаһарда мәнерлеп сырғанаушының өліміне қатысты сот жарыс сөзінде марқұмның анасы Оксана Тен осылай деді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

Денис Теннің анасы ұлының өліміне қатысты: Кінәлілердің барлығы анықталған жоқ.

Оксана Тен сотталушылар Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаеваға қатысты бапты ауыр түріне өзгерту керектігін айтты.

«Кінәлі тұлғалардың бәрі анықталған жоқ. Ал Толыбаева, Құдайбергенов пен Қиясовтың әрекетін «Жалдау бойынша кісі өлтіру» бабы бойынша белгілеу керек еді. Менің пікірімше, 19 шілдеде болған оқиға – бұл тапсырыспен өлтіру. Оны мен куәгерлердің және күдіктілердің жауабынан байқаған көп факті байқатады», – дейді Денис Теннің анасы.

Ендігі Оксана Тен аталған іске қатысты тергеуді жалғастыруды сұрап отыр.

Еске сала кетсек, жәбірленуші тарап бұған дейінгі соттың алдын ала тыңдалымында да спортшының өлімі тапсырыспен болғанын мәлімдеген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау