Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің анасы сот үкімінен кейін басқа есіктен шығып кетті

Алмтыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы өтті. Айыпталушыларға үкім кесілді. Соттан соң Денис Теннің анасы мен туыстары тілшілерге сұхбат беруден бас тартты.

Денис Теннің анасы ұлының өліміне қатысты: Кінәлілердің барлығы анықталған жоқ.

Сотталушылардың туыстары және Денис Теннің анасы тілшілерге сұхбат беруден бас тартты.

17 қаңтар күні Денис Теннің соты аяқталып, сотталушы Қиясов пен Құдайбергенов 18 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Толыбаева 4 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сотталушылардың туыстары мен Денис теннің анасы сот мекемесіне жиналған тілшілерге жауап беруден бас тартып, қосымша есік арқылы шығып кетті.

Сотқа БАҚ өкілдеріне арна операторлары ғана кіргізілді. Ал, тілшілер баспасөз конференциясына арналған залда отырды. Жәбірленушілердің сот үкіміне көңілі толды ма, жоқ па оны анықтау мүмкін болмады. Сотталушылардың да қандай күйде болғаны белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау