Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу шарасына кімдер қатысты

Бұл күні Денис Тен дүйім қазақ елін біріктірді. Жас-кәрі демей, көптеген ұлт және дін өкілдері спортшымен қимай қоштасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу сәті қалай өтті (фото, видео)

Бұл жиынға даңқты боксшы Геннадий Головкин арнайы АҚШ-тан келді. Боксшы қоштасу шарасы аяқталғанға дейін Денистің ата-анасының жанына демеу болып отырды.

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, елімізге белгілі Олимпиада чемпиондары – Ермахан Ыбрайымов пен Серік Сәпиев Денисті соңғы сапарға шығарып салуға келді.

Дениспен қоштасуға Роза Рымбаева мен Халық артисінің қос ұлы да келді. Көзіне жас алған Роза Қуанышқызы спортшының анасын құшақтап, басу айтты.

Сондай-ақ, Бекжан Тұрыс, Артур және Асылхан Төлеповтер, Нұрлан Абдуллин, Жанар Дұғалова, Алуа Қонарова, Салтанат Қалиева және тағы да басқа танымалдар Денисті соңғы сапарға шығарып салу шарасына қатысты.

Алматыда өткен жиынға қала басшысы Бауыржан Байбек келе алмай, орынбасарын жіберді.

Еске сала кетейік, 21 шілде күні Астана және Алматы қалаларында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу шарасы өтті. Спортшы Алматы іргесіндегі Дружба ауылында жерленді. Дениспен қоштасуға 10 мыңға жуық алматылық жиналды.

 

Талқылау