Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен тамақтанған мейрамхананың иесі: Сені шығарып салмағаным үшін, кешір (видео)

Мәнерлеп сырғанаудан әлемнің үздік спортшыларының қатарына кіретін Денис Тен қайғылы оқиға орын алғанға дейін мейрамханада тамақтанды. Алматыдағы мейрамхананың иесі спортшының  көңіл күйі соңғы жарты сағатты көтеріңкі болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Денис Тен өмірінің соңғы сәттерін құрметті адамдардың айналасында өткізді. Спортшының көңіл-күйі көтеріңкі деңгейде еді:

“Мен, шынымды айтсам, болған жайтқа әлі  сене алар емеспін. Мен видеоны қайта-қайта көре беремін және ол мен үшін  тірі сияқты. Біз жақын арада тағы да көрісетін секілдіміз. Өмірінің соңғы жарты сағатында ол өте көңілді, бақытты еді. Денис өзінің позитивті энергиясын айналасындағы адамдармен бөлісетін.


Түскі уақыт кезінде, қаланың қақ ортасында ұрлық орын алды, адам қаза тапты. “Қалай?” Мен осыны түсіне алмаймын және осыған сене алмаймын. Сені шығарып салмағаным үшін, кешір. Құшақтамағаным үшін, кешір. Ертерек кетпегенің үшін, кешір. Сені бақылай алмағаным үшін, кешір. Кешір, кешір мені, досым менің”— деді ол инстаграмдағы парақшасында.

 

Талқылау