Денис Тен: Өміріңдегі ең маңызды сәтте өзіңнің сәтсіздікке ұрынғаныңды түсіну – ең ауыр нәрсе

Денис Тен көзі тірісінде берген сұхбатында мәнерлеп сырғанау спортын ерекше жақсы көретінінін, спорттағы табысы мен құлдырау кезеңдерін айтқан болатын. Спорттағы жетістіктің оңай жолмен келмейтінін сөз еткен еді.

Денис Тен

«Табысқа жетудің оңай жолы болмайды. Биікке шығу да, құлау да болады. Жарақат аласың. Жақсы, жаман әсер аласың. Солай болуы тиіс. Нағыз – өнер өзіңді бағалау, өзіңді бар қалпыңмен қабылдау. Ешкім сенің қаншалықты жаттыққаныңды, қаншалықты жарақаттанғаныңды, сахна сыртында не болып жатқанын білмейді. Сахнада бәрі бірдей секілді. Табысың – оған дейінгі еңбегіңнің жемісі. Мен Қазақстанда тудым. Қазақстанды көп ел біле бермейді. Еліме 20 жылдан аса уақыт болды. Мен алғаш мұз айдынына шыққанымда, ешкім мәнерлеп сырғанау туралы білмейтін. Еш жерде коньки сатып алу мүмкін болмайтын. Тек көшелерде ғана мұз айдындары болды. Менің 9 жасыма дейін кәсіби құралдарым болған жоқ. Бес жасымда коньки теуіп үйрендім. Ата-анам «музыканы жақсы көресің бе, әлде мәнерлеп сырғанауды ма?» деп сұрады. Мен бірден «мәнерлеп сырғанау» дедім. Сырғанауды жақсы көрдім. Оған бар жаныммен берілдім. 9 жасымда анам Сібірде мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтетінін біліп, сонда қатыстырды. Мен ол жарыста жеңімпаз болдым. Содан бастап мәнерлеп сырғанау менің жұмысым екенін түсіндім. Мәнерлеп сырғанау деген мен екенін ұғындым.

«Денис барлық жағынан мықты. Жақсы секіреді. Тез қимылдайды», – дейді бапкер Николай Морозов.

«Психология мәнерлеп сырғанауда маңызды рөл атқарады. Еркіндікті керек етеді. Дениспен танысқанда, онымен бірге жұмыс істеуге, өсуге болатынын түсіндім», – дейді Сергей Лебедев.

Калифорнияда 5 жыл дайындалған соң Денис Николай Морозовпен бірге жаттықты.

«Олимпиада ойындары үшін бүгін істеу керек нәрсенің бәрін уақытында жасаймын», – дейді спортшы.

«16 жастағы қазақстандық спортшы үшін Канадада жарысу мәртебе болды. Өйткені Қазақстан атынан ол жерде мен алғаш болып өнер көрсеттім», – дейді Денис.

Спортшы Сочи олимпиадасына бар жанымен дайындалғанын, алайда екі апта қалғанда жол апатына түскенін айтты.

«Сочи олимпиадасына екі апта қалғанда жарақат алдым, құралдарым дұрыс болмады, жол апатына түстім. Бапкерімнің көңілі түсіп кетті. Маған қалай көмектесерін білмеді. Ел менің жеңіспен келгенімді күтті. Мен айдынға шыққанымда жұрт болып мені тамашалады. Сыныптастарым, ресейліктер, ата-анам, жақындарым, отандастарым қарап тұрды. Бірақ мен бірінші секірісте қателік жібердім. Өміріңнің ең маңызды сәтінде қателескеніңді түсіну өте ауыр. Сол түні көз ілмедім. Бәрі мені қолдады. Дем берді. Бірақ ешкім дәл өзіңдей қиналмайды. Ешкім қайғыңды өзіңдей ұғына алмайды. Қуанышқа орай мен құлаған жоқпын. Қайта тұрдым. Ертесі жаңа адам болып айдынға шықтым. Мен Қазақстанның атын естідім. Өз атымды естідім. Жанкүйерлердің даусын естідім. Олар Қазақстанның кішкентай баласына орнынан тұрып құрмет көрсетті. Мен арманым орындалғанын түсіндім. Қола жүлдені иеленгенде мен өзімнің спорт символы екенімді түсіндім. Елге оралғанда өзгеше ықыласты сездім. Елімізде мәнерлеп сырғанау туралы мәдениет қалыптаса бастағанын көрдім.  Көпшілік демалыстарда айдынға жинала бастады. Бәрі мен секілді сырғанауға ұмтылды», – дейді Денис Тен.

«Денистің айтуынша, Олимпиадада оны мойындау былай тұрсын, еліміздің атын да дұрыс атай алмаған. Кейін Денистің арқасында Қазақстанды тани бастады», – дейді мәнерлеп сырғанаушы Қымбат.

«Менің тарихым не үшін маңызды? Мен қысқы олимпиада спортының үлгісі болуым керек. Соңымнан ерген ізбасаларға, көшедегі көлдің бетінде сырғанап жүргендерге, пластик бөтелкеден коньки жасап теуіп жүргендердің арманына жетуіне үлгі болуым керек», – дейді Денис.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар