Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен мен Элизавета Тұрсынбаева әлемнің командалық Кубогында Азия құрамасы атынан шықты (видео)

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен Денис Тен Американың Спокан қаласында жарыс бағдарламасы аяқталған командалық әлемнің кубогына қатысу үшін Азия құрамасына қосылды.

166d024636258bf8f99866fcebb

Сурет prosportkz.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Турнир қорытындысы бойынша Солтүстік Америка құрамасы – 892,42 балл нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орында Еуропа командасы – 848,06, үшінші орында – Азия командасы (820,22).

Турнирде Азия құрамасы атынан шыққандар: жапондық Рика Хонго, Сатоко Мияхара мен Қазақстаннан Элизабет Тұрсынбаева (әйелдер, жекелей сырғанау); қытайлық Цзинь Боян, жапондық Сёма Уно мен қазақстандық Денис Тен (ерлер, жекелей сырғанау); қытайлықтар Ван Сюэхань/Ван Лэй мен жапондықтар Сумире Суто/Франсис Будро-Оде (жұп); корейліктер Ребека Ким/Кирилл Минов пен қытайлық Шиюэ Ван/Синьюй Лю (би).

Талқылау