Денис Тен: Мен кез келген жағдайда ең әуелі қазақпын

Қапыда қаза болған Денис Теннің бұрындары айтқан қанатты сөздерін жұрт ауыр қабылдап жатыр. Спортшының өмір туралы айтқан сөздері көптің қабырғасын қайыстырды.

Денис Тен

«Мен өз елімнің фанатымын ба? Шетелде жүріп фанат бола алам ба? Мен ең алдымен қазақпын. Не ойласам да, не істесем де, кез келген жағдайда қазақпын. Осында тудым. Осында өстім», – дейді Денис  Kazakh-tv арнасына берген сұхбатында.

«Қаншалықты мықты болсаң да, қаншалықты табысты болсаң да, бірінші кезекте адамбыз. Өз өмірі бар адамбыз. Және бәріміз теңбіз. Өмір өте нәзік ұғым. Ертең не боларын білмейсің. Патриотизм, Отанға деген махаббат, елге деген махаббат осындай қарапайым нәрселерден басталады», – дейді спортшы.

«Америкада жүргенде кинотеатрға барып көрмеппін. Диснейлендке де бармағам. Тек спортпен айналыстым. Бұл жаққа демалуға келген жоқпын. Оған уақытым да жоқ. Шынын айтсам, ниетім де жоқ. Өйткені Америкаға тек жаттығу үшін, мамандар үшін, жұмыс істейтін бапкерім үшін ғана келем», – дейді Денис.

Денис Тен

13 маусым күні Денис 25 жасқа толды. Парақшасында ішкі жан толқынысын жазды.

«25 жыл бұрын дәл осы күні тудым. Ағам маған ат қойған. Анам ес біле бастағанда көптеген үйірмелерге қатыстырды. Әкем отбасын асырады. Мен тек қамқорлықта өскен бала едім. Маған мүмкіндік бергендіктен конькимен сырғанадым. Музыкалық мектепке бардым. Маған берген барлық мүмкіндікті пайдаландым. Бойымда корей мен еврейдің қаны бар. Оған мен кінәлі емеспін. Әлдене білетін болсам, оны біреуден естігем әлде оқығам. Менің ойым да өзімдікі емес. Сонда мен кіммін? Не істедім? Қалай дегенмен осының бәрі мені бақытты етті. Мен өмірді сүйем. Ата-анамды жақсы көрем. Адамдарды жақсы көрем. Жақсы көгенді жақсы көрем. Осыны бәріне айтқым келеді. Анығында мен емес, бұл менің кейіпкерім. 25 жаста әлемді басқаша қабылдай бастадым”, – деп жазады спортшы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар