Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен көзі тірісінде өзінің 25 жасқа дейін мұз айдынында жүретінін айтқан (видео)

Денис Теннің көзі тірісінде берген тағы бір сұхбаты шықты.

Жуналист сұхбат барысында «Мұз айдынында қанша уақыт жүрем деп ойлайсың?» деген сұрақ қойды.

Денис: «Әзірге 25 жасқа дейін» деп жауап берді.

Бұл сөз желі қолданушыларын таңғалдырды. Әйгілі спортшы 25 жасында бұл өмірмен қоштасқан еді.

«Құдай аузына салған шығар», «Айтқан сөзің орындалады, абайлап сөйлеу керек», «Ашулықпен жаман нәрсе айтпау керек», «Өзі де өмір мен өлім туралы көп айтатын», – дейді желідегілер.

Ширек ғасыр өмір сүрсе да артына мол ғибрат калдырып кетті. Әрбір сұxбаттары тағылымға толы. Әрбір жауабынан өмірлік сабақ аласың. Жер бетіндегі адамның бәрі өзің сияқты болса жазықсыз адамдар бұлай зардап шекпес еді. Сенің қaзаң әрқайсымызға ой салып кетті. Бұл жағдайдан кейін еліміз сәл де болса жақсы жағына өзгерер деп үміттенемін. Сенің де калауың сол болар еді 😢#адамзаттыңасылы 🙏 #денистен #денистен⛸🏅🏆 #денисчемпион🇰🇿 #денистентылучший #денис #denisten

Публикация от Интересные видео (@zhuldyzdy_balalar)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау