Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен қайтыс болған жерден жүз метр қашықтықта тағы бір көлікке шабуыл жасалды

Алматыда олимпиада жүлдегері, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болған жерден жүз метр қашықтықта тағы бір көлікке шабуыл жасалды.

Денис Тен қайтыс болған жерден жүз метр қашықтықта тағы бір көлікке шабуыл жасалды

Көлігіне шабуыл жасалған азамат бұл туралы өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ер адамның айтуынша, көлікте ешқандай құнды зат болмаған, ал оның жанындағы қабырғада бейнебақылау камерасы орналасқан.

«Түнде сағат 03.00-де белгісіз адамдар менің көлігімнің әйнегін сындырып, оның ішіне кіруге тырысты. Бұл дәл Денис Тен қайтыс болған жерден 100-150 мерт қашықтықтағы үйдің ауласында болды», – деп жазды Илья Одегов.

Ильяның айтуынша, ол әлі ұйықтамағандықтан, көшедегі әлдебір дыбыс пен көлігінің дабылын естіп қалған.

«Терезеден қарап едім, көліктің жанында жүрген екі жігітті көрдім. Мен мұндай адамдармен бетпе-бет кездесудің қаншалықты қауіпті екенін жақсы білемін. Оған Денис Теннің қайғылы жағдайда мерт болғанын мысалға келтірсе де болады. Бірақ мен өз мүлкіңе біреудің шабуыл жасағанын көріп қалып, басын құмға тыға салатын түйеқұс секілді әрекет жасауды түсінбеймін. Бұл, мүмкін сезгіштік, қорғаныш түйсігі шығар. Бірақ, мүлкіңе залал келтіріп жатқанын көріп, әрекет етпеу өзіңнің әлсіздігіңізді, ерік-жігеріңнің жоқ екенін дәделдеу деп түсінемін»,-дейді ер адам.

Денис Тен қайтыс болған жерден жүз метр қашықтықта тағы бір көлікке шабуыл жасалды

Спортшыға шабуыл жасалған ауданда тұратын азамат бұған дейін де көлігіне шабуыл жасалғанын айтты. Алайда, ол ұрыларды қуғанымен жете алмаған екен.

«Сол түні қолыма сомынды бұрайтын кілтті ұстап, көшеге атып шықтым. Ол уақытта көліктің жанында ешкім болмады. Мен қылмыскерлерді үркітіп жібердім, бірақ олар өте алысқа кетіп үлгермеді. Оның үстіне, қараңғы аулада біреулердің дауысы естілді»,- деді Илья.

Көлігіне шабуыл жасалғанын көрген азамат полицияға хабарласпақшы болып еді, бірақ қоңырауға ешкім жауап бермеген. Ақыры, бірнеше рет соғылған қоңыраудан кейін диспетчер оған полицейлердің 5-10 минуттың ішінде жететінін айтқан.

«5-10 минуттан кейін ешкім келмеді. Мен көлікке жақын жерде болғандықтан, ұрылар қайтып келе ме деп қорықтым. Ал, көліктің әйнегінен ештеңе қалмаған. Қараңғыда біреу мен жақты айналшақтап жүргендей көрінді. 20 минуттан кейін менің телефоныма қоңырау келіп, бірден өшіп қалды. Мен оларға қайта қоңырау шалмадым. Менен жауап болмаған соң полицейлер өздері хабарласты. Олар менен тағы да кім екенімді, қайда тұратынымды және қандай көлік екенін сұрады. Сондай-ақ, олар шағым түсіргің келсе Алмалы ауданының РОВД-на келіп, арыз жаз деді. Әрине, мен ашуланып, онда бармаймын деп қарсы болдым»,-дейді жәбірленуші.

Илья полиция бөлімшесіне өзі барудан бас тартқаннан кейін, полицейлер оқиға орнына 50 минут өткен соң ғана келген. Жұмыс көп деп кешіккендерін түсіндірген тәртіп сақшылары, жақын маңда да пәтер тоналғанын айтқан.

«Полицейлердің әрине, ұрыларды қылмыс ізімен ұстауға еш құлқы болған жоқ. Оның үстіне тым кеш болды. Осы уақыттың ішінде кез келген қылмыскер қашып кетуі мүмкін. Дегенмен, ауланың айналасында сол уақытта күдікті біреулер жүрді, бірақ полиция қызметкерлері оларға ерекше қызығушылық танытпады. Оларға тек қағаздарды толтыру керек болды. Оның өзін 40 минуттан астам уақыт толтырдық. Бірақ, арыздағы менің туыстарымның жұмыс орны туралы ақпарат қылмыскерді ұстауға қалай көмектесетінін түсінбеймін»,- дейді жәбірленуші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау