Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен бүкіл Қазақстанды қамтитын мұз шоуын өткізуді армандайды

Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен бүкіл Қазақстанды қамтитын мұз шоуын өткізгісі келетінін айтты.

photo_31192

Бұл туралы қазақстандық спортшы Periscope әлеуметтік желісінде тікелей трансляция жүргізу кезінде мәлім етті.

«Мен Қазақстанның басқа қалаларында ықыласпен шоу өткізер едім, – деді ол. – Оны ұйымдастырудың өзі еңбекті көп қажет ететін өте қиын жұмыс. Оған менің уақытым да болмай тұр. Менің арманым – Қазақстанды көрсету, елдегі мәнерлеп сырғанауды көрсету, соған сәйкес ұзақмерзімді келешекте мен бүкіл елде тур өткізгім келеді, сондықтан оны уақыт көрсетеді».

Еске сала кетейік, әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен алғаш рет «Денис және достары» мұз шоуы 2013 жылы Астанада және Алматыда өткен болатын. Онда өнер көрсетулер музыкамен көркемделді, шоудың соңында оған қатысушылар қазақ ұлттық киімдерін киіп, бірге сырғанақ тепті.

Келесі шоудың мән-жайы туралы Денис Тен маңызды жарыстардан кейін айтып қалуы мүмкін.

Талқылау