Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Деніңіз сау болу үшін суды қай уақытта ішкен дұрыс?

Соңғы уақытта көпшілік суды көп мөлшерде ішу керек деген пікірде. Алайда кез-келген дәрігер күніне 2 литр судың жеткілікті екенін айтады. Ал артық су адамның бүйрегіне күш түсіреді екен.

Деніңіз сау болу үшін суды қай уақытта ішкен дұрыс?

Бұл туралы «Аргументы и Факты» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Су ішкен кезде ең маңыздысы оның мөлшері емес, ішілген уақыты екен.

Оянғаннан кейін бірден 2 стақан су ішсеңіз, ішкі ағзаларыңыздың барлығының жұмысын реттеуге көмектеседі.

Ал ұйқыға жатар  алдында 1 стақан су ішсеңіз, ұйқыңыз тыныш болады. Сонымен қатар жүрегіңізге салмақ аз түсіп, аяғыңыздың тартылуының алдын алады.

Сондай-ақ, ауқаттанардан 30 минут бұрын бір стақан су ішкен абзал. От зат алмасуын жылдамдатып, ас қорыту ағзаларының жұмысын реттейді.

Ванна қабылдар алдында бір стақан су іш арқылы артериялық қан қысымын төмендете аласыз.

Егер аталған әрекеттерді әдетке айналдырсаңыз, ұйқы кезіндегі жүрек ұстамасы қатерін 95 пайызға төмендетуге болады.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада 81 жастағы кейуана ВИЧ жұқтырып алған

Еміне бүкіл әлем болып көмек қолын созған тараздық қыз қайтыс болды

Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды

Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?

Талқылау