Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесінің жартысын күйік шалған қазақстандық бала Кореяда емделіп жатыр

Сеул ауруханаларының бірінде 7 жасар қазақстандық бала ем алып жатыр. Николай Классеннің ауыр жағдайы туралы бүкіл ел құлағдар.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Осыдан үш жыл бұрын пештің жарылуы салдарынан оның денесінің 50 пайызын күйік шалған болатын. Ата-анасының салғырттығынан Николай қажетті медициналық көмек ала алмай, көп қиналды. Өткен жылы Аружан Саинның қайырымдылық қоры мен осы жағдайға бей-жай қарамаған қазақстандықтар Коляға көмектесуге бел буды. Николайға Астанада бірнеше операция жасалса да оған жасанды тері ауыстырып салу үшін Оңтүстік Кореяға бару керек болды.

Николай Классен емделіп жатқан аурухана – әлемдегі ең үздік клиниканың бірі. Ауыр күйікке шалынған науқастарды 40 жыл бойы емдеумен айналысып келеді. Дәрігер Ли Джонг Ук балақайдың суреттерін көрсетіп, мұндай жантүршігерлік жағдайды өз тәжірибесінде әлі кездестірмегенін айтты. Коляның күйген терісінің орнына жасанды тері салған. Ол адам ағзасына сіңіп, табиғи түске енуі тиіс.

«Ең қиыны, мойын мен кеуде терісі жабысып қалған. Біз теріні ажыратып, бір қалыпқа келтірдік, трансплантациясын жасадық. Бұл бір операциямен реттелмейді. Алты айдан кейін тағы да мойнына операция жасаймыз», – дейді Ханган Сонгсим ауруханасы емдеу бөлімінің басшысы Ли Джонг Ук.

Қазір Коляны екінші операцияға дайындап жатыр. Саусақтарының терісі де бір-біріне жабысып қалған. Бұл операцияны да оңтүстік кореялық дәрігерлер жасайды.

Операциядан кейін Коля ернін жымқыра алады, бұрын ол осындай қарапайым қимылды да жасай алмайтын. Ол Алматы облысындағы «Ковчег» балалар үйі мен туған әпкесін сағынып жүргенін жасырған жоқ.

«Қазақстан, сәлем! Валя, саған сәлем жолдаймын! Бақыт, денсаулық тілеймін!», – дейді Николай Классен.

Операциядан кейін Николай мейірімді отандастары сыйлаған үмітті ақтап, мектептегі оқуын жалғастырып, достарымен ойнап-күліп өмір сүргісі келеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өрт салдарынан денесін күйік шалған 7 жасар бала қамқоршыларының көмегімен Астанада емделетіні хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе облысында әйел бет тазарту процедурасынан кейін қауіпті диагнозбен ауруханаға түсті

Ақтөбеде бір жасар сәбидің неліктен соқыр болып қалғаны анықталды

Еліміздің әр өңірінде балаларға арналған тегін спорттық секциялар ашылды

Астана әкімі басын қатерге тігіп балаларды құтқарған құрылысшыларды марапаттады

Талқылау