Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесінде атомның суреті бар қыз құрбысының үйінен табылды

Астанада белгісіз жағдайда із-түзсіз жоғалып кеткен студент қыз аман-есен табылды. Ол анасымен байланысқа шықты, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Денесінде атомның суреті бар қыз құрбысының үйінен табылды

Сурет: Петропавловск.news

27 қазан күні Петропавлдағы үйіне кетпек болып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен Александра Сыздықованың өзі анасына хабарласты. Анықталғандай, бойжеткен Шортанды қаласындағы құрбысының үйінде қонақта болған.

«18 жастағы студент қызға ешқандай заңға қарсы әрекет жасалмаған», – дейді полициядағылар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада денесінде атомның суреті бейнеленген татуировкасы бар қыз жоғалып кеткен еді. Ол 27 қазанда Петропалдағы үйіне қайтуы тиіс болған. Алайда ол үйінен де, колледжден те табылмады.Бойжеткеннің телефоны сынып қалғандықтан, шұғыл түрде үйіне барып келмек болыпты. Ол оқу орнында түсініктеме жазып қалдырып, сол күйі жоғалып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау