Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесін дәрі көмегімен өсірген жігіт жұртты таңқалдырды (фото)

Жаттығу залына баруға ерінген Ресей тұрғыны қол бұлшық етін денсаулыққа зиян дәрінің көмегімен өсіруді жөн көріпті.

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

Бірнеше ай бұрын 21 жастағы Кирилл Терешин қолына синтол дәрісін еге бастаған. Нәтижесінде шынтақ үсті бұлшық еті қатты ісіп кеткен екен. Тіпті, соңғы кезде шектен тыс ісіп, еркін қозғалуға кедергі келтіріп жүрген-ді. Дәл қазір оның бицепстерінің жалпы көлемі – 60 сантиметр.

Терешин жаттығу залына барудың еш пайдасы жоқ екенін айтады. Осы қарқынмен бұлшық етін өсіріп, бодибилдингте рекорд орнату жоспарында бар екен.

“Мен мақсатыма жылдам қол жеткізгенді ұнатамын. Яғни жаттығу залына баруды құптамаймын. Ұйқыға да аса көп уақыт бөлгім келмейді. Мен сияқты бұлшық еттеріңізді өсіргілеріңіз келсе, 250 миллилитр инекция жеткіліксіз. Айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін тәулігіне аталған дәріні литрлеп егуіңіз қажет болады”, – дейді ол.

Кирилл денесін әскердегі борышын өтеп келгеннен кейін өсіре бастаған. Небәрі он күн ішінде оның шынтақ үсті бұлшық еті 25 сантиметрге үлкейген. Ол аталған процедураның өзіне жағымсыз әсер сыйлайтынын жасырмайды.

“Аталған дәріні еккен кезде дене қызуым 40 градуске дейін көтерілетін. Тіпті, өлдім деп ойлаған сәттерім де болды”, – дейді Терешин.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар 300 тісі бар ерекше акуланы қолға түсірді (фото)

Қытайда ер адам бөгдепланеталықтарды көргенін айтып жұртты сендірді (фото)

Замбия саябағында піл селфи жасамақ болған екі туристі таптап кетті

Сырт келбетіңіздің заманауи сәнге сай келмейтінін білдіретін 13 белгі

Талқылау