Дәрігерлер аман қалуға үміті аз екенін айтқан оралдық мұғалім толық жазылып кетті

Орал тұрғыны Әселім Нығметова денесі толық күйік шалғанымен жазылып шықты.

Әселім Нығметова жексенбі күнінің бірінде әдеттегідей таңертең тамақ жасамақ болады. Ол газ шүріппесін ашқанда, үйде жарылыс болған. Қатты соққыдан Әселім келесі бөлмеге ұшып кетеді, деп жазады Уральская неделя.

«Жүгіріп келгенде Әселімнің киімінің алды жанып кетіпті. Оны көрші үйге апардық та, өзіміз өрт сөндірушілер келгенше жалынды өшірдік», – дейді жұбайы Руслан.

Дәрігерлер Әселімнің денесі 80 пайыз күйгенін айтады. онда арнайы маман болмағандықтан, Астанадан дәрігер шақыртады.

Астаналық дәріге оны немқұрайлы тексерген соң, суретке түсіріп алады. Оның Астанаға да, самараға да барар жолды көтере алмайтынын айтады.

Ертесі Руслан Самарадан дәрігер шақыртады. Ол науқастың денесі 80 пайыз  емес, 94 пайыз күйік шалғанын айтады. Өмір сүруіне 5 пайыз ғана үміт барын ескертеді. Самараға әкелуге болатынын айтады.

Руслан Әселімді Самараға жеткізеді. Алғашында таныстарынан қажетті 1 млн 200 мың теңгені жинап береді.

Кейін көршілері, достары, алыс-жақын жерден бейтаныс жандар да ақша аудара бастайды. Тіпті шетелде ақша аударғандар болған. Көпшіліктен жиналған ақшаға тиісті ота жасалып, ем алған. Науқасқа барлығы 15 ота жасалды

Дәрігерлер науқас 1-2 жылда жазыла бастайды дегенімен, Әселім тез аяққа тұрды. Бастапқыда жасанды аппаратпен жүрді. Жүрегі мен бүйрегіне жалғанған таяқша тамағына тығылып тұрды. Кейін өзі тыныс ала бастады.

Бүгінде Әселім  еркін жүреді. Үй жұмысын жасайды. Балаларына қарайды. Тек әбден қорқып қалғандықтан газды жағуға қорқады.

Жақындары оның аман қалғанына шүкір айтуда.

«Дәрігерлер де менің тез жазылғаныма қайран қалды. Жолыңыз болғыш адам екеніз деді. Ол халықтың, маған дұға еткендердің арқасы деп ойлаймын. Алла мейірімін төкті. Жеңілдігін берді. Ақша ғана емес, жақсы тілек еткен барлық жанның арқасында аман қалдым», – дейде Әселім.

Әселім мен жақындары оған көмектескен барлық жанға, достары мен бейтаныс жандарға алғысына айтады.

Миының бір бөлігі алынып тасталған 7 жасар бала таңғажайып жағдайда аман қалғаны жайлы оқыңыз. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар