Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дене бітімі мінсіз модель оңай арықтаудың сырын ашып берді

Британдық модель Лиза Сноудон сымбатты дене бітімін сақтаудың қарапайым тәсілін айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

47 жастағы модель кәдімгі ас үй құралдарының орнына қытай таяқшасын қолданады. Бұл оған тамақты баяу жеуге және аштықты тезірек қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«Егер мен қатты аш болсам және тағамды шанышқымен жесем, онда тамақты нағыз адам жегіштер сияқты жұтамын. Бірақ таяқшалармен тағамды ұзағырақ шайнаймын және ондай кезде бүкіл процесс ұзақ уақытқа созылады. Айтарым, бұл өзіңді аз тамақтануға мәжбүрлеудің ең керемет тәсілі», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Сноудон өмірі салмақ өлшегішке тұрған емес. Ол салмағының қаншалықты өзгергенін үстіне киген киімінің қалай тұратынына қарап салыстырады екен. 

«Егер джинсы тар болса, мен кешкі алтыдан кейін көмірсуы бар тағамды аз кірісемін және порция көлемін бақылауға аламын», - деп мойындады Сноудон. 

Айта кетсек, ол 2018 жылдың желтоқсанынан бастап еттен толығымен бас тартқан екен. Сонымен қатар, Лиза Сноудон міндетті түрде жаттығуларға назар аударуға кеңес береді. Өйткені, олар тек дене бітімін қалыпта ұстауға ғана көмектеспейді, сондай-ақ психикаға да оң әсер етеді. Оның сөзінше, ол бірнеше жыл бұрын депрессияға түскен кезде спорттың арқасында қалыпты өмірге оралған.
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр