Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, өзге аймағында ыстық болады

18-20 маусымда Қазақстанның батысында ыстық болады, қалған аумақта жауын жауады деп күтілуде деп хабарлайды Қазгидромет.

8363154

Сурет: РИА Новости

Батыста тәуліктің орташа температурасы әдеттегіден 4-7º жоғары болады.

“Жоғары барийлік жалмен, оңтүстік-батыс даласы арқылы Қазақстанның батыс облыстарына тропикалық ауа массалары келуде және алдағы үш күнде өзінің әсерін жалғастырмақ. Сондықтан да бұл жерлерде әлі күнге дейін аптап ыстық. Тәуліктің орташа температурасы әдеттегіден 4-7º жоғары”, – делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басқа аумақтары, салқын атмосфералық фронттармен байланысқан жоғары барийлік жыраның әсерінде болады. Онымен, кей жерлерде найзағайлы, өткінші жаңбыр күтіледі. Демалыс күндері, Іле Алатауында да нөсер болуы болжанады. Температура көпжылдық белгіге жақын болуы күтіледі.

Талқылау