Демалыс күндері ұзақ ұйықтау қандай дерттің алдын алады

Жексенбі, 24 Қаңтар , 2016 9:19

Зерттеушілер демалыс күндергі екі түндегі ұзақ ұйқы пайдалы деп отыр, өйткені қалған жұмыс күндері дұрыс қанбай қалған ұйқының салдарынан пайда болатын қант диабетінің екінші түрінің қауіпін азайтады.

Beautiful woman lying and sleep on the snowy bed

Бұл туралы care.diabetesjournals хабарлайды.

Зерттеуге дені сау 19 жас адам таңдап алынған. Бірінші топқа 4 түн бойы сегіз сағаттан ұйықтауға рұқсат етілген. Екінші топтағыларға 4 күн қатарынан 4,5 сағат қана ұйықтауға мүмкіндік берілген. Кейін оларға екі күн қатарынан 10 сағаттан ұйықтауға рұқсат етіліпті. Бұдан соң зерттеушілер тәжірибеге қатысқандардың инсулинге сезімталдығын тексерген.

Төрт күн қатарынан ұйқылары қанбағандардың диабетке шалдығу қатері 16 пайызға өскен. Алайда олар тағы да екі күн ұйқыларын қандырған соң инсулинге сезімталдықтары бұрынғы қалпына келген. Зерттеу жүргізгендер демалыс күнгі ұзақ ұйқы денсаулыққа пайдалы және сусамырдан сақтандырады деген қорытынды жасаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар