Демалыс күндері Қазақстанда лаңкестік болады деген ақпарат тараған

Дүйсенбі, 23 Қараша , 2015 9:03

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен WhatsApp-тағы Қазақстанның сауда ойын-сауық орталықтарында, халық көп жиналатын орындарда  лаңкестік болуы мүмкін деген хабарламаларды жалған деп атады.

ват

«WhatsApp ұялы мессенджері мен кейбір әлеуметтік желілер пайдаланушыларының арасында ІІМ-іне сілтеме жасап ірі сауда орталықтарында лаңкестік актісі жасалуы мүмкін деген ақпараттар тарала бастады», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазақстанның ІІМ-і бұл ақпаратты қуаттамайды. Республикада жедел жағдай бақылауда.

«Азаматтарды әлеуметтік желілерден алынған мәліметтерге сенбеуге және мемлекеттік құзырлы органдардың ресми ақпаратына сүйенуге шақырамыз», – деді ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Еске сала кетейік, Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызатын немесе азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, немесе бір жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, сол мерзімге бостандығынан айыруға жазаланады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар