Демалыс күндері үшін салмақ тастаудың жолы табылды

Техас университетінің зерттеушілері демалыс күндері спортпен шұғылданбай-ақ қалай салмақ тастауға болатынын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі.

Демалыс күндері үшін салмақ тастаудың жолы табылды

Сарапшылар тышқандар мен адамдарда болатын мидың кейбір нейрондық қосылыстарына зерттеу жүргізіп, жаттығудан болатын әсерді талдады. Нәтижесінде, олар орташа қарқынды жаттығулардың әсері бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін анықтады.

Сонымен, Molecular Metabolism журналында жарияланған тәжірибенің нәтижелері жүгіру жолағында бір сағат жаттығу егеуқұйрықтың тәбетінің алты сағатқа қысқарғанын көрсетті. Сондай-ақ, осындай жаттығулар олардың жылдам салмақ тастауына мүмкіндік берген. Тренингтен кейін олардың метаболизмі келесі 48 сағат ішінде жеделдеп, ағзасы көп калория ыдыратты.

«Бұл нәтиже нейрондық байланыстар деңгейінде түсіндіріледі. Көптеген адамдардың не себептен жаттығудан кейін бірден тамаққа тәбеті болмайтыны осыдан», – дейді зерттеушілердің бірі, доктор Кевин Уильямс.

Тәжірибе нәтижесіне сәйкес ғалымдар егер адам жұма күні спортпен шұғылданып, демалыс күндері жаттықпаса бұл үзіліс оның метаболизміне, қанындағы қант деңгейіне немесе тәбетіне әсер етпейді деген болжам жасады. Олар сондай-ақ, адам неғұрлым көп жаттығатын болса, оның әсер соншалықты ұзаққа созылады дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар