Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Stan.kz.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысы жауын-шашынды болады. Жаңбыр аралас қар жауады. 12 қараша күні еліміздің кей өңірінде дауыл соғады.

Мамандардың болжамынша, Батыс Сібірден келген суық ауа ағындары әсер етеді. Қазақстанға арктикалық суық ауа келуіне байланысты елдің басым бөлігінде күн суық болады.

Алдағы тәуліктерде ауаның температурасы қалыпты мөлшерден 2-5 градусқа дейін төмен болады. Қазақстанның шығысында  – 5…10 градусқа дейін төмен көрсеткішті көрсетіп тұр.

Астанада сенбі, 10 қараша күні, күн ала бұлтты, жауын-шашынды келеді. Ал түнде термометр бағандары минус 15 градусқа дейін төмендейді. 11 қарашада күндіз 11, түнде 16 градус нөлден төмен болады. Жаңа аптаның алғашқы күнінде ауа температурасы күндіз 9, түнде 15 градус аяз ды көрсетеді.

Алматыда 10 қараша күні күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы + 9, түнде плюс 3 градус болады. 11 қараша күні бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Күндіз ауа 5 градусқа дейін, түнгі+ 2 градусты көрсетіледі. 12 қараша күні ауа райы болжамына сәйкес, қар жауады, күндіз температура 1 градус, ал түнде -8 градусқа дейін төмендейді.

Шымкентте 10 қараша күні күн өте жылы болады. Ауа температурасы 10 градусқа дейін, ал түнде температура нөлден төмен түседі. 11 қараша күні күн бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз 7, түнде 2 градусты көрсетеді. 12 қарашада жауын-шашын болмайды. Күн бұлтты болады, ауа температурасы күндіз + 6 градус, түнде + 1 градус жылы болады.

Айта кетейік, синоптиктер алдағы қыс айларында ауа райының қандай болатынын мәлімдеген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау