Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дели соты үш үндістандық зорлаған қазақстандық әйелге шақыру қағазын жіберді

Дели соты өткен жылдың наурыз айында Karol Bagh қонақүйінде үш ер адам зорлаған қазақстандық әйелге оның сотта түсініктеме беруі үшін жаңа шақыру қағазын жіберді.

india-police2

Бұл туралы The New indian Express хабарлайды.

Сот жәбірленушіге 2016 жылдың 10 мамырында келуі тиістігін жазған. Дели полициясы аталған істің Қазақстан СІМ-нің бақылауында екенін хабарлады.

Басылымның атап өтуінше, бұған дейін жәбірленушіге сотқа келу қағазы жіберілген, бірақ енді қазақстандық азаматшаның осы іске қатысты қандай да бір қадамдарға баруы үшін 4 ай уақыты бар.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 12 наурызында қазақстандық әйелді Үндістан астанасының Karol Bagh қонақүйінде үш ер адам – туристік агент, оның көмекшісі және такси жүргізуші зорлаған.

Қонақүй қызметкері әйелдің жанұшырған айқайын естіген. Ол үш ер адамның оған бас салып, қорқытқанына нандырған. Зардап шеккен жан полицияға барып, әлгілердің үстінен арыз жазған.

Қазақстандық әйелдің Үндістанда іскерлік сапарда жүргені және такси мен екі адамды оны елде іс жүргізуге көмектесуі үшін жалдағаны атап өтіледі.

Қазіргі кезде ер адамдар қамауда отыр. Сот куәгерлердің түсініктемелерін жазып алуда.

Талқылау