Дельфиндер – сүйкімді жаратылыс кейпіндегі қаскөй қанішерлер

Сейсенбі, 23 Ақпан , 2016 16:44

Дельфиндер ақылды әрі жылы шырайлы, бірақ олардың шашыңызды тік тұрғызатын зұлмат қыры да бар.

160216102956_dolphin_smiling_624x351_thinkstock_nocredit

Көптің айтуынша: дельфиндер – түрлі трюктерді шебер жасайтын ақылды әрі жылы шырайлы сүтқоректілер.

Шындығында: жоғарыда айтылғандар дұрыс, алайда дельфиндер қан араласуында, жас төлдер өлімінде, сексуалды алымсақтықта көзге түскен.

Дельфиндер ақылды. Олардың керемет трюктерді жасағанындарын көрген кез-келген адам оны растайды.
Бұған күмәнданғандар үшін олардың танып-білу қабілеттерін зерттеуге бағытталған арнайы тәжірибелер бірнеше рет жүргізілді.

Көп жағдайда афалиндер немесе үлкен дельфиндер сынды кең танымал әрі көп таралған дельфин түрлері зерттелген.

1984 жылы жазылған дельфиндер жайлы классикалық ғылыми еңбекте, афалин дельфиндерінің ұрғашысы, Акеакамай есімді дельфиннің компьютер көмегімен түрлендірілген дауыстарды қайталауға үйретілгендігі турасындағы тәжірибе нәтижелері көрсетілген.

Электронды құрылғыдан шыққан дыбыстар мен Акеакамай жауап ретінде қайталаған дыбыстар өте ұқсас болып шыққан.

Жабайы дельфиндер де салыстырмалы жетістіктер көрсетеді. Олардың әрқайсысының өз есімдері іспетті қызмет ететін өзіне тән дыбыстары бар.

Ғалымдар осы дыбыстарды компьютер синтезаторының көмегімен дыбыстағанда, дельфиндер өзін шақырып тұрғанын білгендей жауап қайтарған.

Оған қоса олар бір-бірін есінен шығармайды. 2013 жылы жүргізілген ғылыми зерттеу барысында дельфиндердің «ысқырық тіркестерін» көптеген жылдар, кейде онжылдықтар бойына ұмытпайтыны аңғарылған.

Бір жағдаятта Брукфилд хайуанаттар бағындағы (Чикаогның батысынан 20 километр қашықтықта орналасқан Иллинойс штаты) Олли есімді аналық дельфин 20 жылдан астам уақыт көріспеген Бермуд аралдарындағы Бейли есімді дельфиннің дыбысының жазбасына анық жауап берген.

Екі афалиннің 2001 жылы Нью-Йорк аквариумінде айнамен жүргізілген тестіні сәтті өткізуі – одан сайын таңдандыратын факті.

Ғалымдар «токсинсіз қара түсті Entre маркерінің» көмегімен жануарлардың денесіне айрықша белгі ретінде қызмет ететін әртүрлі геометриялық пішіндер салған.

Осыдан кейін дельфиндер айнаға тақап, өздерін ұзақ бақылаған. Бұл дельфиндердің біраз да болса өздерін тани алады деп санауға мүмкіндік береді. Аталмыш қабілет кей жануарларда ғана кездеседі.

Аталмыш теңіз жануарларының миларының жарқын қабілеттері New Age қозғалысының аясында ғана емес, оның сыртында да дельфиндер культінің пайда болуына сеп болды.

Алайда, ғалымдар дельфиндер табиғатындағы басқа қырын, яғни зұлмат қырын анықтады. Олар өздерін дәл Флиппер (телехикаяда адамдарға дос әрі құтқарушы болған ғажайып дельфин) сияқты ұстамайтын болып шықты.

«Олар өте ақылды болғанымен, адамдар сияқты сұмпайы әрі қу болуы мүмкін», – дейді Дармуттегі Массачусетс штаты Университетінің қызметкері, дельфиндерді зерттеу Ассоциациясының қосымша басқарушысы Ричард Коннор.

Топтық зорлау

Көбею науқанында дельфиндер арасында ұрғашы дельфиндер үшін шайқас жүреді. 1980 жылдары Коннор өзінің әріптестерімен аталық дельфиндердің Австралиядағы Акула айлағындағы өсімтал ұрғашы дельфиндерге агрессиямен жанасқандарын документальді түрде пленкаға түсіріп алғандардың алғашқысы болды.

Олар 1992 жылы: «Озбырлықпен жанасу екі-үш ұрғашы аталық бір аналық дельфинді қоршауға алғанда басталады»,- деп жазады.

Аталық дельфиндер таңдағанын озбырлықпен бас салады. Бақыланған осындай жағдайлардың бірінде құмарлық танытқандар мен олжаларының арасында 85 минутқа созылып, 7 километр аралықты қамтыған қуғын орын алған.

Одан әрі зерттеу жүргізудің барысында аталық дельфиндер құрамының тұрақты болмайтындығы анықталды.
Көбіне аталықтардың кішкентай командалары құрамы 14-ке дейін жететін өздерінен әлдеқайда үлкен «супер-альянстардың» құрамында жүреді.

Аналық дельфиндердің мұндай «күйлеу ойындарына» қатысуға ниетті емес екендері де аңғарылған.
1992 жылы жарық көрген мақалаларында Коннор мен әріптестері: «Аталықтардың аналық дельфиндермен қатынасындағы агрессия құйрығымен ұру, сүзу түрінде ғана емес, аналықтарды тістеп, оларға соқтығысқан әректтері ретінде де көрінеді», – деп жазады.

Аналық дельфин өкілдері көбіне қашып кетуге тырысқанмен, бұл олардың төрт жағдайдың бірінде ғана қолынан келген.

«Бір жыл ішінде аналық дельфиндермен жылдың әр айында және бірнеше ай көлемінде көптеген альянстардың аталықтары жанаспақ болды», – деп жазады Коннор мен әріптсетері.

Бала өлтіру – кешірілмес күнә

Аналық дельфиндердің аталықтардың басымдық танытуға бейімделген жыныстық дәмесінен құтылуға бағытталған батыл талпыныстары дельфиндер жайлы тағы бір ащы шындықты ашуға мүмкіндік береді.

1996-1997 жылдар аралығында жас афалин дельфиндері Вирджиния штатындағы жағалауға лақтырылып тасталған.

Үстіртін көз жүгірткенде оларда бәрі дұрыс болып көрінгенімен, сойып тексеру барысында өтпейтін затпен жасалған ауыр жарақаттар байқалған.

999451988

Көбіне бас және кеуде жарақаттары аңғарылып, «бірнеше қабырғалардың сынуы, өкпенің жарылуы, жұмсақ тіндердің жарақаттары айрықша көзге ұрады». Бұл деректер 2002 жылы жарық көрген ғылыми еңбекте келтірілген.

Жас дельфиндердің өліміне ересек дельфиндердің кінәлі екендігін дәлелдейтін көптеген айғақ табылды.

Зерттеушілердің бірі Вирджиния-Бич қаласының жағалау суларынан «төлдерді лақтыру» ретінде байқалған бірнеше жағдайға куә болған.

«Төлдерді лақтыру» қызықты ойынның атауы іспетті естілгенімен, бұл аналық дельфиндерде қайтадан күйлеу мерзімі басталу үшін, олардың төлдерін (өзіне туыс емес) өлгенше соғып өлтірудің әдісі болуы ықтимал.

2013 жылы ғалымдар аталық дельфиннің жаңа туылған дельфин төліне шабуылдағанын өз көздерімен көрген. Дегенмен, бұл жолы дельфин төлі қашып құтылған сияқты.

Коннор дельфиндер қауымдастығында төлдерді өлтіру ашық әрі тура қатер ретінде қаралған жайтта, аналық дельфиннің естілік танытып, түрлі альянстардағы аталық дельфиндерді қанағаттандыруға тырасатынын айтады.

Осы арқылы аталық дельфин өкілдері аналық дельфин төлінің атасы кім боларын аңдай алмай, төлдерді өлтіру ықтималдығы төмендейді.

Инцест кездейсоқ емес

Дельфиндер мінез-құлқында көбею барысында орын алатын тағы бір тосын сый бар.
2004 жылы Акула айлағында жүргізілген дельфиндер популяциясындағы тұқымқуалаушылықты зерттеу аталмыш сүтқоректілердің уақыт өте келе инцест жасайтынын анықтауға мүмкіндік берді.

BJA атауымен танымал аталық дельфин 1978 жылы алғаш ұрпақ таратып, араға 15 жыл сала, 1993 жылы өзінің ұрғашы төлімен жақындасқан.

«Біз үш аналық біріккен топта тек өз анасын төңіректеген аталық дельфиндерді де көрдік», – дейді Коннор.
2010 жылы жүргізілген зерттеу осы қатардан орын алады. Ол нақты бір популяция ішіндегі қан алмасу жағдаятының жиілігі кездейсоқ еместігін дәлелдейді.

Ал сіздер акула ғана жаман деп ойладыңыздар ма?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар