БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дельфин акулаларды қуып адамдарды құтқарып қалды (видео)

Австралиялық аспаз Деннис Тирни акулаларды қуған бір топ дельфинді видеоға түсіріп алды.

Деннис Тирни достарымен Лорд-Хау аралында суда жүзеді. Арал Тасман теңізінде орналасқан. Айтуынша, адамдарға дельфиндер жүзіп келіп жақындаған. Ал, тереңдікте акулалар жүзіп жүрді.

“Жыртқыш балықтың бірі адамдарға жақындай бастағанда дельфиндер тұра ұмтыла қуып жіберді. Бұрын да дельфиндердің акулаларды қуатынын, адамдарды қорғайтынын естігем. Бірақ сенбеп едім”, – дейді Тирни.

Галапагос акулалар 3,7 метр тереңдікте жүзеді. Олар адам үшін ең қауіпті су жануары. Акулалар көп жүрген жерде сүңгуірлерге арнайы тормен жүруге кеңес беріледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр