Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Де Ла Хойя: Канело-Головкин жекпе-жегі Техастағы AT&T аренасында өтуі мүмкін

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Головкин мен Альварес жекпе-жегін AT&T Stadium-да өткізу үшін, аталмыш арена иелерімен келіссөз жүргізгенін мәлімдеді.

lL23FzjVXkA

Бұл туралы Вконтакте желісіндегі GGG парақшасы хабарлады.

Арена Техас штатындағы Арлингтонда орналасқан. 2010 жылы осы стадионда Мэнни Пакьяо Джошуа Клотти және Антонио Маргаритолармен жекпе-жек өткізген еді. Екі кездесу де аренаға 42 мың көрермен жинаған.

“Головкинмен кездесу AT&T Stadium-да өтуі мүмкін. Канело Головкинмен жекпе-жекке шыға ма? Бұл сауал тіпті талқыланбайды. Тек ол кездесудің қашан болатыны ғана талқылануы мүмкін. Әрине, кездесу көп жанкүйер мен табыс жинау үшін, мықты жарнаманы қажет етеді. Бұл жекпе-жектің Мейвезер-Пакьяо кездесуіне қарағандағы айырмашылығы мұнда ногдаундар, тіпті нокаут болуы ықтимал. Қазір біз тек Әмір Ханмен жекпе-жекке назарымызды бөліп отырмыз. Ал одан соң келесі кездесуге дайындаламыз”, – деді Оскар.

Талқылау