Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ қайтадан вакцина салдыруға мораторий енгізуге шақырды

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус  коронавирусқа қарсы қайтадан вакцина салуға уақытша мораторий енгізуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы олимпиада спортшыларын, инвесторларды, бизнес көшбасшыларын, дін көшбасшыларын және әрбір адамды кем дегенде қыркүйек айының соңына дейін вакцинаның қосымша дозаларына мораторий енгізуге шақырды.

ДДСҰ сарапшылары жыл соңына дейін бүкіл әлемде халықтарды жеткілікті түрде вакциналау үшін ревакциналауға мораторийді ұзартуға тура келеді деп есептейді.

ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, әлемде COVID-19 вакциналарын алуда жаһандық теңсіздік пайда болған, кедей елдерде вакцина алғандар саны бай елдердегі екпе алғандар санына қарағанда әлдеқайда аз. Бұған дейін ДДСҰ-ның бас директоры қыркүйекке дейін әр елдегі халықтың кем дегенде 10 пайызын вакциналауға шақырған болатын.

Талқылау